jasqazaq.kz

Теңіз кенішінде коронавирустың 17 ошағы анықталды

13 мамыр 2020, 16:25

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде коронавирустың 17 ошағы анықталды.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, мұндағы карантиндік стационарда 2000-нан астам адам бар. Олар бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған.

Сондай-ақ, жұмысшылар тұған вахталық кентте қауіпті індеттің 17 ошағы анықталған. Кен орнынан 16 200 жұмысшы шығарылып, тұрғылықты мекенжайларына жіберілген. Жақын күндері тағы 800 адамды шығару көзделіп отыр.

«Қазіргі уақытта Теңіз кенішіндегі мердігерлік мекемелерден 359 адам инфекция жұқтырды. Оның 64-і жазылып шықты. Соңғы тәулікте мұнда індетке шалдыққан 90 адам тіркелді. Олар — бұрын анықталған науқастармен байланыста болғандар» — деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Алмагүл Көшкінбаева.

inform.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі