jasqazaq.kz

Теңіз кенішінде Covid-19 індетінің 160 жағдайы тіркелді

06 мамыр 2020, 15:15

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 226 адамға жетті. Бұл туралы  Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабтың хабарламасына сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды.

Теңіз кен орнында Covid-19 індетінің тағы 15 жаңа жағдайы тіркелді.

Науқастар арасында он ер адам және бес әйел бар. Олар кен орнынан тұрғылықты жеріне жету дайындығынан өткен жұмысшылар қатарында. Алгоритмге сай, жұмыс орнынан шығар алдында қызметкерлерден анализ алынған. ПТР диагностикалық тестілеу нәтижесі бойынша Covid-19 диагнозы расталды.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Науқастармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған. Инфекция ошағына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2020 жылғы 6 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында 226 адамнан COVID-19 індеті анықталды. Оның ішінде 160 адам — Теңіз кен орнындағы жұмысшылар. Ал, аталмыш дерттен айығып шыққандар саны — 78.

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)