jasqazaq.kz

Теңіз кен орнындағы қазақстандық жұмысшылардың айлығы белгілі болды

04 шiлде 2019, 17:40

Теңіз кен орнында істейтін қазақстандық жұмысшылардың орташа жалақысы – 223 мың теңге. Бұл туралы бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов мәлімдеді.

«Аталған компанияға қатысты (Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore – Sputnik), оларда орташа жалақы 223 мың теңгені құрайды. Бұл мәліметті бізге жергілікті атқарушы органдар берді», — деді Сарбасов Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Ал Теңіз кен орнында жұмыс істейтін шетелдік жұмысшылардың айлығы еңбек инспекциясы жүргізген тексерістің қорытындысынан кейін жария етілмек.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, Теңіз кен орнындағы тексеріс барысында жалақыға қатысты заң бұзушылықтар анықталған.

«Мәселен, бір мамандықты алайық. Шетелдік персоналдың еңбекақысына үстемақы қосылған, ал қазақстандық жұмысшыларда бұл қарастырылмаған. Мұндай заң бұзушылықтар анықталды, жұмыс берушіге жеткізілді, тиісті шаралар қабылданады. Нәтижесін кейін хабарлай аламыз», — деді министрдің орынбасары.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда