jasqazaq.kz

Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қаза болды (видео)

06 шiлде 2022, 15:10

Атырау облысында орналасқан Теңіз кен орнында жарылыс болды. Жарылыстан екі адам қаза тапты. Ал үш адам әртүрлі дене жарақатын алған. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Теңіз кен орнындағы жарылыс бүгін, 6 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 09:55 шамасында болған.

Бізге мәлім дерекке қарағанда, кен орнындағы атмосфералық газы бар құбырда гидротест жүргізілген. Қысымға төтеп бере алмаған құбыр жарылып кеткен.

Жарылыстың салдарынан оқиға орнында екі жұмысшы көз жұмды. Ал, үш адам әртүрлі дене жарақатын алып, медицина қызметкерлеріне жүгінген.

«Жылыой ауданында орналасқан Теңіз қалашығында құбыр жарылып, соның салдарынан 1985 жылы туған екі қызметкер қайтыс болды. Үш адам жарақаттанды. Зардап шеккен 3 қызметкерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр», — деп мәлім етті полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 156-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Кен орнындағы жарылысқа байланысты атмофералық газы бар құбырда гидротест жүргізу жұмыстары толығымен тоқтатылды. Тиісті органдар техникалық қауіпсіздік талабының сақталуына байланысты тексеруді бастады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Isker Adam (@iskeradam)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде