jasqazaq.kz

TengriBank-тің экс-орынбасарлары ұсталғаны расталды

10 қараша 2020, 14:25

Ұрланған ақшаның жалпы сомасы 8 миллиард теңгеден асады. Қаржы министрлігі «TengriBank» басшылығындағы экс-орынбасарлардың ұсталғаны туралы ақпаратты растады.
Бұған дейін желіде TengriBank басқарма төрағасының экс-орынбасары Бақтияр Ілиясов пен TengriBank-тің Алматыдағы филиалы директорының экс-орынбасары Әсет Жадықовтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған.
Олардың қасақана қайтарымсыз несие беру арқылы банк қаражатын ұрлады деген күдікке ілінгені айтылды. Ұрланған ақшаның жалпы сомасы 8 миллиард теңгеден асады.   Қаржы министрлігі бұл іс бойынша қосымша ақпарат беретінін мәлімдеді.
Бұған дейін Бас прокуратура редакция сауалына берген жауабында Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті «TengriBank» АҚ мүлкін ұрлау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатқандығы туралы хабарлаған. Бірақ департамент бұл іс бойынша күдікке кім ілінгенін атаудан бас тартты.
Естеріңізге сала кетейік, TengriBank банктік лицензиясынан 2020 жылдың қыркүйегінде айырылған болатын.

zakon.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия