
2020 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (Агенттік) «Tengri Bank» АҚ-сын барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өтемақының ұлттық валютада төленетін мәлім етті.
Оның сомасы: — теңгедегі жинақ салымдары (депозиттер) бойынша 15 млн теңгеден;
— ұлттық валютадағы өзге депозиттер бойынша 10 млн теңгеден;
— шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 млн теңгеден аспауға тиіс.
Салымшыда түрі мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше кепілдік берілген депозиттер болған жағдайда, олар бойынша 15 млн теңгеге дейін жиынтық кепілдік берілген өтемақы төленеді.