jasqazaq.kz

Теміржолда көмір тасымалына тариф көтерілмейді

29 тамыз 2018, 11:37

«ҚТЖ» ҰК» АҚ вагон парктерін басқару операцияларын жүргізу үшін қойылатын мөлшерлеме көтерілмейтініне кепілдік береді.
Baq.kz жазғандай, 2018 жылдың басынан бері «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілері бойынша 65 млн тоннадан астам көмір тиелген. Бұл ретте: республика ішілік қатынаста 45,1 млн тоннадан астамы тасымалданған, бұл 2017 жылдағы тасымал көлемінен 0,4%-ға артық, тұтынушылардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне – 5,5 млн тонна көмір тасымалданып, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 12%-ға көп болды.
2018 жылдың соңына дейін 106,5 млн тонна көмір тасымалдау жоспарлануда, соның ішінде тұтынушылар үшін – 71,9 млн тонна, бұл 2017 жылдағы тасымал көлемінен 3,5%-ға жоғары.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да аталып отырған жүк көлемін тасымалдауға жылжымалы құрам саны қажетті деңгейде жеткілікті. Әр түрлі жеке меншік иелерінен 54 мыңға жуық ашық вагон жұмылдырылды. Коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалы үшін 9 мыңға жуық ашық вагон қолданылуда.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасымен көмір тасымалы көлемін жыл бойына біркелкі бөлу және күзгі-қысқы кезеңдегі жүктемені азайту мақсатында көмір өндірушілердің қатысуымен облыс әкімдіктерінде отырыстар өткізілді. Облыс әкімдіктері мен көмір өндірушілер көмір тасымалы көлемін қайта бөлу бойынша міндеттемелер алды. Соның нәтижесінде коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалының көлемі 31%-ға артты. Сонымен қатар көмір жүгін жөнелтушілермен де отырыстар өткізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін тасымал көлемін орындау бойынша талап-тілек хаттамасы толтырылды, бұл ретте «ҚТЖ» ҰК» АҚ вагон парктерін басқару операцияларын жүргізу үшін қойылатын мөлшерлеме көтерілмейтініне кепілдік береді.
Компанияда көмір тасымалы бойынша штаб құрылып, жүк жөнелтушілер өтінімін қанағаттандыру, сонымен қатар вагондар айналымын орындау бойынша тәуліктік бақылау қойылды. ТЭЦ және ГРЭС қоймаларындағы қатты отын қоры қалдықтарына, сондай-ақ халықта көмірдің бар-жоқтығына тәуліктік мониторинг жүргізілуде.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді