jasqazaq.kz

Теміртауда жеті үйді су басты

23 наурыз 2018, 16:46

Толассыз жауған жаңбыр мен қардың еруінен Теміртау қаласындағы жеті жекеменшік үйді су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД бөлімшелері, жергілікті атқару органдары, жергілікті полиция қызметі және басқа да жұмылдырылған ұйымдар апат салдарын жоюмен айналысып жатыр. ТЖД құтқару бөлімшелері жергілікті атқару органдарымен бірге Бұқар жырау ауданының Көкпекті кентінде, Абай қаласында төрт үйді судан тазартуда.
Жердегі қардың еруінен тыс, елді мекендерге республикалық маңызға ие «Қарағанды — Аягөз — Бұғаз», облыстық маңызға ие «Қоянды — Егіндібұлақ — Бүркітті», «Ынталы — Бесоба» автожолдарынан да су құйылуда. Ол жерлерге ескерту белгілері қойылып, ЖПҚ, «Қазақавтожол» ЖШС, «Қарағанды жолдары» ЖШС қызметкерлері кезекшілік атқарып жатыр.

29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты