jasqazaq.kz

Теміртауда зейнеткердің банк картасынан ақша шешіп алған әйел ұсталды

25 қантар 2022, 12:16

Теміртауда зейнеткерге көмек көрсетіп жүрген азаматша банк картасындағы ақшасын үптеп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың 28 желтоқсанында Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 63 жастағы зейнеткер арызданып, белгісіз біреу оның банк картасынан 335 мың теңге ақшасын шешіп алғанын айтқан. Қылмысты ашу бойынша тергеу жұмыстарын жүргізген полиция қызметкерлері зейнеткердің банк картасын өзінің 37 жастағы танысына бергенін анықтады. Зейнеткер азық-түлік алып жүруге және үйін жинауға шамасы болмағандықтан жоғарыда көрсетілген азаматшамен танысып, оған банк картасын сеніп тапсырған. Күдікті ұсталған уақытта қылмысын мойындаған.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық