jasqazaq.kz

Теміртауда тойда тамақтан уланған 18 адам ауруханаға түсті

03 тамыз 2018, 17:49

31 шілде күні Теміртау қаласының инфекциялық ауруханасына 20 адам ішек инфекциясымен түскен. Қазіргі уақытта олардың 18-і ауруханада жатыр.

Ауруханаға түскендердің барлығында бірдей белгілер болған. Олардың жүректері айнып, дене қызулары көтеріліп, денелері тітіркеніпті.

Олардың айтуынша, барлығы қаладағы бір мейманханада тойда болған екен.

Ауырғандардың қатарында сегіз жасар бала мен жүкті келіншек бар екен. Мәлімет бойынша, олардың барлығына жедел ішек инфекциясы диагнозы қойылыпты.

«Біз сияқты ауырғандар көп. Алайда жедел жәрдемді барлығы шақырмай, үйде емделуді жөн көрді. Басында 20 адам түскен. Барлығында бірдей жедел ішек инфекциясы екен. Бұл жай уланудан да қиын. Енді бізге 10 күн демалыс керек шығар»-дейді ауруханаға түскендер.
Олардың сөзінше, тойдағы басты тағам той иелері дайындаған қазақтың еті болыпты. Үстел үстінде қымыз да тұрған екен.

Ал қалған тағамдарды мейманхана дайындапты. Ауырғандар бұл тауық еті мен майонезден болды деп ойлайды.

Қазір ауруханадағылардың жағдайы бірқалыпты.

NUR.KZ

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді