jasqazaq.kz

Теміртауда пышақталған ер адам қайтыс болды

15 шiлде 2021, 12:12

Қарағанды облысының Полиция департаменті Теміртаудағы төбелес кезінде пышақ тиген ер адам қайтыс болғанын айтты. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, төбелес таныс адамдардың арасында болған.

«Төбелес шығарған ер адамдар бір-бірімен таныс. 31 жастағы ер адамға пышақ тиген болатын. Салдарынан ол қайтыс болды», — деді Қарағанбы облысы ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Сонымен қатар, ПД өкілдері төбелескен ер адамның бәрі ұсталғанын хабарлады. Бүгінде тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске салайық, кеше, 14 шілдеде Теміртауда бірнеше ер адам көшеде пышақтасқан болатын. Оқиға балалар мен жасөспірімдердің көзінше болған. Төбелес Теміртаудағы шағынаудандардың бірінде болған және бақылау камераларына түсіп қалған. Видеода екі ер адам алдымен көшеде төбелесіп, артынша тағы бірнеше ер адам қосылғаны көрсетілген.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия