jasqazaq.kz

Теміртауда полицей адам қағып өлтірді

05 қазан 2020, 12:55

Теміртауда полицей қызметтік көлікпен жаяу жүргіншіні қағып өлтірді.

Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 3 қазанда болған.

«3 қазанда Теміртауда Lada Vesta қызметтік автокөлігінің жүргізушісі Республика даңғылымен Восточная көшесіне қарай келе жатқанда тұманға байланысты жолды дұрыс көрмей, салдарынан 65 жастағы ер адамды қағып өлтірген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен ер адам Теміртау қаласының ауруханасында көз жұмған», — деді полицейлер.

Қазіргі уақытта жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі («абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзу») бойынша басталды.

«Іс облыстың полиция департаментінің анықтау басқармасының өндірісінде және облыстық ПД басшысының жеке бақылауында», — деді полицейлер.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде