jasqazaq.kz

Теміртауда күйіп қалған металлургтердің беті бері қарады

15 қазан 2017, 3:37

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның өндірістік жарақат алып, жансақтау бөліміне түскен қызметкерлерінің беті бері қарады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Жансақтау бөлімінде жатқан жұмысшылардың жағдайлары жақсарды. Екі жұмысшы Теміртау орталық емханасының жансақтау бөлімінен Қарағанды қаласындағы Мақажанов атындағы ортопедия және травматология орталығына ауыстырылды. Үшіншісі де Қарағанды облыстық медициналық орталығына жатқызылды», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Еске сала кетейік, 12 қазан күні сағат 11:29-да «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатының кокс цехында кокс батареясы жарылып, күйік шалған алты металлург ауруханаға жеткізілген еді. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, металлургия комбинатының кокс цехында №1 кокс батарея жұмысының технологиялық циклі бұзылған. Соның салдарынан батарея жарылған. Балқып тұрған қоспа оның жанындағы металлургтарды күйдіріп жіберген. Алты жұмысшының үшеуі Теміртау қаласындағы орталық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың беттері, денесі және қолдарын күйік шалған. Қалғандарын Қарағандыдағы Мақажанов атындағы ортопедия және травмотология орталығына жатқызылған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде