jasqazaq.kz

Теміртауда коронавирус жайлы тараған ақпарат жалған

21 наурыз 2020, 20:33

Қарағандыда коронавирустық инфекция жағдайы туралы онлайн брифинг өтті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев инфекция жұқтырғандардың жағдайы туралы баяндады.

Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияның 2 жағдайы тіркелді. Науқастар оқшауланған және инфекциялық бөлімге жатқызылды. Екі науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады. Олар қажетті ем алып жатыр. Сонымен бірге, басқарма басшысы әлеуметтік желілерде тараған жалған хабарламалар туралы әңгімеледі. «Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі Теміртауда коронавирустық инфекцияның 2 жағдайы тіркелді деген ақпараттың жалған екенін айтқым келеді. Біз күн сайын сіздермен кездесіп, эпидемиялық жағдайдағы өзгерістер туралы сенімді ақпарат таратып жүрміз. Дүрбелеңге бой алдырмаңыз, жалған таратпаңыз. Себебі ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, бұл үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген», — деді ол. Қазіргі уақытта Қарағанды облысында 124 адамға тәулік бойы бақылау жүргізілуде. Үй карантинінде 31 адам, 249 адам – оқшаулаусыз медициналық бақылауда, 277 адам – телефон арқылы қашықттан бақылауға алынды. Үй карантинінде отырғандар Damumed мобильді қосымшасы арқылы өз жағдайын бақылай алады. Пайдаланушы денсаулығы туралы күнделікті ақпаратты толтырады және бұл дерек емдеуші дәрігерге қолжетімді болады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия