jasqazaq.kz

Теміртауда қызға шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалған

25 қантар 2020, 15:11

Теміртауда ер адам көшеде қыздың сөмкесін тартып алмақшы болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде Теміртауда қызға шабуыл жасалған сәт түсіп қалған видео тарап жатыр. Кадрларда ер адам өз құрбанын ұрғылап, сөмкесін тартып алуға тырысады. Бірақ қыз оған қарамастан сөмкесін бермейді. Біраз уақыттан кейін ер адам діттеген мақсатына жете алмай кетіп қалады.

Оқиға 23 қаңтарда Гагарин даңғылында болған.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі қыздың арыз жазғанын хабарлады. «Бұл дерек полицияда тіркелген. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», — деп хабарлады аймақ полицейлері.

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде