jasqazaq.kz

Теміртауда ірі өрт болып, 700-ден аса үй өртенді

01 қыркүйек 2019, 11:48

Теміртау қаласындағы «Металлург ҚМК» аумағында ірі өрт болды. Салдарынан мыңға жуық үй өртеніп, екі адам зардап шекті. Төтенше жағдай туралы ақпарат Instagram желісіндегі patriotkaragandy парақшасына жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өртті сөндіруге өрт сөндіру поезы, жеті автоцистерна және 64 өртсөндіруші тартылды. «Негізгі күштер тұрғын үйлерді, темір жолдарды, Жаңа ауыл бекетінің объектілерін және «Металлургическая» қосалқы бекетін қорғауға бағытталды. Өртсөндірушілердің кәсіби шеберлігінің арқасында бұл маңызды нысандарды өрт шалмады», — деп хабарлады ТЖ басқармасы өкіді. Өрт сөнгеннен кейін 1932 және 1936 жылы туған екі қарт әйел табылды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі хал-ахуалы нашарлап, әлсіреп тұрғанын айтқан, ал екіншісі ІІ-ІІІ «А» дәрежелі күйік алған. ТЖ басқармасының мәліметтеріне сәйкес, алдын ала бағалау бойынша, 700-ден аса қараусыз қалған және 20-ға жуық саяжай құрылыстары, сондай-ақ, 160 гектар алқаптағы шөп жанып кеткен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде