jasqazaq.kz

Теміртауда газ-ауа қоспасы жарылып, 4 адам зардап шекті

16 тамыз 2022, 16:49

Теміртауда бес қабатты үйде газ-ауа қоспасы жарылып, 4 адам зардап шекті, 53 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Оқиға орнына Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов пен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басин, барлық шұғыл қызметтер барды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 16 тамыз күні сағат 12:08-де Металлургтер даңғылы, 5/2 мекенжайындағы үйде газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан қабаттар арасы опырылып түскен. Өрт шыққан жоқ. Үш пәтер бүлінген.

Төрт адам зардап шекті. 53 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Теміртау әкімі тұрғындармен кездесіп, уақытша орналасуға болатын орынды табуға және пәтерлерді қалпына келтіруге көмек көрсетілетінін айтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде