jasqazaq.kz

Теміртауда бұзақылар қымбат мүсіндердің тас-талқанын шығарған

20 тамыз 2018, 23:14

Қарағандының Теміртау қаласында бұзақылар қымбат мүсіндерді қасқана сындырып, тас-талқанын шығарыпты. Артынша қаланың көркін бұзған екі күдікті анықталды. Бұл туралы 31 телеарна хабарлады.

Жасөспірімдердің бұл әрекетін куәгерлер бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіде таратқан. Сәукеле мен камзол киген қазақ қызының мүсінін аяқпен бірнеше рет тепкен бұзақы ақыры ескерткіштің қолын сындырып тынады. Сондай-ақ видеода пышақ ұстап тұрған екінші күдікті де көрінеді. Қаланың көркін келтіріп тұрған мүсінге бюджеттен арнайы ақша бөлініп, Теміртау қаласының гүлзарында орнатылған. Екі бірдей бұзақыны анықтаған тәртіп сақшылары оларға айыппұл салынатын айтады. Әзірге «Біреудің мүлкін қасақана бұзу» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ДӘУРЕН КӘРІПБАЕВ, Теміртау қаласы ІІБ басшысының бірінші орынбасары:

– Тексеріс барысында Теміртау қаласының кәмелеттік жасқа толмаған екі тұрғыны анықталды. Келтірілген шығынның көлемі көп. Нақты саны анықталып жатыр.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді