jasqazaq.kz

Теміртауда автобус жүргізушісі мен жолаушы әйел төбелесіп қалды (видео)

27 тамыз 2018, 10:22


Теміртауда халықаралық автобустың жүргізушісі мен жолаушы әйелдің төбелесі видеоға түсіп қалды, әйел көлікке итімен бірге отырмақшы болған.

Видео Instagram желісіндегі shock_krg парақшасында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға Теміртау — Қарағанды бағытындағы №107 автобуста болған. Жүргізуші еш түсіндірместен әйелді салонға кіргізбей, есікті жауып алған. Әйел бірнеше рет өтініш жасап, оқиғаны видеоға түсірген. Бірақ, жүргізуші оның видеоға түсіріп жатқанын байқап, автобустан жүгіріп шығып, тартып алуға тырысқан. Ер адамның қылығы куәгерлердің ашуын келтірді. Зардап шегушінің оны жауапқа тартқызуына болады. Себебі ол тұтынушының құқығын бұзып қана қоймай, баршаның алдында қорлады. Оның кадр сыртындағы сөздерінің көбі балағат, деп жазды Etemirtau.
Роликтің астындағы жазбада жолаушы әйелдің Қазақстандағы белгілі бапкер әрі кинолог Евгения Полтавцева екені жазылған. Оның қолында билеті бар, ал бес айлық күшікке тұмылдырық және қарғы бау тағылған. Хабарламада жүргізушінің әйелдің жанындағы қыздарды итергені және олардың бірінің есікке соғылғаны жазылған. Жүргізуші арыз жазып, сот арқылы олардан 80 АЕК көлемінде өтемақы өндіруді көздеп отырғаны айтылады. Айта кетейік, заң бойынша жолаушылар жануарлармен бірге қоғамдық көлікте жүре алады, тек олар артқы орында отыруы тиіс және тұмылдырық пен қарғы бау болуы керек.

Драка водителя автобуса и женщины с собакой, которую он отказался впускать в автобус с щенком, не объясняя причины. Хотя по закону люди с животными имеют право передвигаться в общественном транспорте на задней площадке автобуса. 107 маршрут — Темиртау — Караганда. 079 AU 09 _ Вот такой случай произошел в Темиртау на днях. Известная в Казахстане Евгения Полтавцева, тренер, спортсмен, активный участник кинологической рабочей жизни Казахстана, подверглась нападению от очередного ненавистника собак в лице водителя маршрута номер 107 — припадок ярости у него вызвала попытка провоза 5-месячного щенка, причём с купленным заранее билетом, в наморднике и на поводке . Сопровождающие так же попали под этот отвратительнейший замес. Водитель швырял девчат , что одна из них ударилась о дверь — и водитель теперь пишет заявление о нанесении ущерба, хочет через суд взыскать с них 80 МРП . Как решить это в правовом поле и наказать хамло? ……………….. Закон Республики Казахстан «Об автомобильном транспорте » и определение единых требований к перевозкам пассажиров и багажа автомобильным транспортом Республики Казахстан §4. Провоз ручной клади и багажа : 194. Собаки могут перевозиться в автобусах на площадках, с намордником и на поводке. ┏━━━━━━━━━━🔞━━━━━━━━━━┓ 📣Не терпи, расскажи @shock_krg👑 ┗━━━━━━━━━━🔞━━━━━━━━━━┛ ⠀ 📩Если Вы стали участником или очевидцем проишествия, поделитесь информацией, отправляйте в директ. ⠀ 📷Видео и текст от подписчика. 📃Орфография и пунктуация автора.

Публикация от Караганда (@shock_krg)

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді