jasqazaq.kz

Теміртауда әйелді автобустан итеріп шығарып, аяусыз тепкілеген (Видео)

29 қыркүйек 2021, 16:42

Теміртауда ішімдік ішіп, масайып қалған әйелді автобустан итеріп шығарып, артынан соққыға жыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Patriotnews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиғаның видеосы «Патриот» Telegram-арнасында жарияланды.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, әйел өзге жолаушылардың намысына тиіп, балағат сөздерін қолданған. Автобус жүргізушісі мен кондуктор әйелді салоннан шығармақ болғанда оларға жолаушы-ер азаматтар қосылған.

Олар әйелді күшпен шығарып жіберген. Ол жерге құлаған. Сол сәтте оның жанына ер адам жетіп келіп, оны тепкіге алған. Оқиға көшеде, автобустың жанында болған.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодекстің 293 «бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

«Қарағанды-Теміртау» бағытымен жүрген автобус, оның 41 жастағы жүргізушісі мен 25 жастағы кондуктор анықталды. Кондуктордың айтуынша, ішімдікке сылқия тойып алған әйел 28 қыркүйек күні сағат 16.30 шамасында «ДК горняков» аялдамасынан қоғамдық көлікке отырған.

Ол бейәдеп қылықтар көрсетіп, жолақысын төлеуден бас тартқан. Теміртауға жеткен соң, «Кооператор» аялдамасында кондуктор мен жолаушылар әйелді салоннан шығарған. Артынша белгісіз азамат соққыға жыққан”, – деп түсіндірді полициядағылар.

Қазіргі уақытта полицейлер зардап шегуші мен құқық бұзушының тұлғасын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris_p_almaty | Алматы | (@kris_p_original)

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия