jasqazaq.kz

Теміртауда 27 жастағы тұрғынға оқ атқан күдікті ұсталды

10 тамыз 2021, 15:04

Теміртауда 27 жастағы тұрғынға оқ атқан күдікті ұсталды. Тамыз айының 8-нен 9-на қараған түні Ескіқала полиция бөліміне орталық ауруханаға әртүрлі дене жарақаттарымен 27 жастағы қала тұрғыны жатқызылғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлерімен оқиға сөзге келіспеушілік салдарынан болғаны және оның барысында травматикалық қару қолданылғаны анықталды. Аталған факті бойынша Теміртау қалалық Полиция басқармасының барлық жеке құрамына бағыттама берілді.

– Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталды. 20 мен 37 жас аралықтарындағы төрт күдікті ұсталды. Полиция қызметкерлерімен бұзақылық әрекетті бастауға себеп болған 30 жастағы ер адам анықталды. Ол қаладағы үйлердің ауласында жәбірленушімен сөзге келіспей қалып, травматикалық қарумен оқ атқаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, қару тәркіленді, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен оқиғаға қатысқан басқа да азаматтарды ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде.

Ақпарат көзі Polisia.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия