jasqazaq.kz

Теміртас Жүсіпов әлем чемпионы атанды

05 қараша 2021, 23:45

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалында Теміртас Жүсіпов жеңіске жетті.

Теміртас Жүсіпов 48 келіде таиландтық Вуттичай Юрачаймен қолғап түйістірді. Бірінші раундта төрешілер шешімімен 3:2 есебімен қазақстандық боксшысының басымдығымен аяқталды. Екінші раундта төрешілер түгелдей Теміртастың жеңгеніне қолдау білдірді. Жалпы нәтижеде ол жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ, бүгін финалда Махмуд Сабырхан (54 келі) жапониялық Томоя Цубоимен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, 6 қарашада Сәкен Бибосынов (51 келі) және Серік Теміржанов (57 келі) алтын жүлдеге таласады.

Ал ел құрамасынан Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жапон Севонрец Окадзаваға есе жіберді.

Еске салсақ, ширек финалда Нұрбек Оралбай (80 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Асланбек Шымбергенов (71 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі) пен Нұрқанат Райыс (75 келі) қарсыластарына жол берді.

Ал ширек финалға дейін Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді.

 

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде