jasqazaq.kz

Темірге басы қысылып қалған баланы құтқарды

12 мамыр 2020, 16:16

Ақтөбеде 2 жасар баланың басы темірге қыстырылып қалып, құтқарушылар көмектесті.

Бүгін Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті № 21 өрт сөндіру-құтқару бекетінің құтқарушылары балконның темір тіректерінің арасына басын қыстырып алған екі жасар баланы құтқарды.

«Балконда ойнап жүрген кішкентай бала басын темір тіректің арасына сұғып, оны өз бетінше шығара алмай қалды. Хабарлама Өрт сөндіру қызметінің күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының 112 пультіне сағат 10:45түсті. Ата-анасы да балаға көмектесе алмаған. Оқиға орнына жедел-құтқару тобы, дәрігері мен психолог мамандар арнайы көлікпен шықты. Құтқарушылар ата-анасының қатысуымен гидравликалық жедел құтқару құралын пайдаланып, балкон темір тіректерін кесіп, баланы босатты. Бәрі аман-есен. Ата-анасы мен балаға психологиялық көмек көрсетілді», — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде