jasqazaq.kz

Темір жол билеттерінің бағасы неге әр түрлі?

16 қараша 2018, 11:34

ҚТЖ өкілдері елімізде пойыз билеттерінің бағасы неліктен әр түрлі екенін түсіндіріп берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл 11 қыркүйекте «Жолаушылар тасымалы» АҚ-та Қазақстан ішіндегі әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша бағаны реттеу жүйесі енгізілген болатын.

Онда 52 әлеуметтік маңызы бар бағыт көрсетілген. Бірақ онда Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан және Беларусь бағыттары кірмейді. «Бұл әлемдік тәжірибе. (…) Жолаушы билетті кез келген бағытқа 45 күн бұрын алса, ол 25 пайыз жеңілдікпен ала алады. Жеңілдіктің мөлшері бос орындар мен пойыздың жүру уақытына қанша күн қалуына байланысты белгіленеді. Уақыт таяған сайын пойыз билеті де қымбаттайды, бірақ көп болса 25 пайызға қымбатқа түседі», — деп түсіндірді жолаушылар тасымалының баспасөз қызметіндегілер. ҚР заңнамасына сәйкес, коммерциялық бағыттар бойынша жүретін пойыздардың тасымалдаушысы бағаны өзі белгілейді. Онда жолаушылар легі, мереке күндері және тағы басқа факторлар ескеріледі. Осыған байланысты билеттердің бағасы 35 пайыз жеңілдікпен сатылып немесе 35 пайызға қымбатқа сатылуы мүмкін. Коммерциялық бағыттағы пойыздардың билеттерінен түсетін қаражат жаңа қызмет көрсету түрлерін енгізуге, процестерді автоматтандыруға және барлық вагон паркін техникамен қамтамасыз етуге жұмсалады.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді