jasqazaq.kz

«Темір ретінде өткізе ме?» – тараздық ұрылар қақпа ұрлап жатыр

11 наурыз 2022, 14:48

Естімеген елде көп. Тараздық 92 жастағы тұрғынның ай-күннің аманында есік алдындағы қақпасын ұрлап кетті. Наурыз айының 7-нен 8-не қараған күні белгісіз адамдар оның үйіне жасырын кіріп, қақпасын көтеріп алып кетіп қалған. Оған қоса ұрылар қарияның тұрмыстық құралдарын да қолды қылған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 30 және 21 жастағы тұрғындарын құрықтады. Ұсталған азаматтар кінәсін толық мойындап, заттай дәлелдемелер тәркіленген.

21 жастағы ұсталған азаматтың бұған дейінде осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болғаны анықталып отыр.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясы 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр