jasqazaq.kz

Темір қоршауға түйрелген көліктегі жүргізуші аман қалды (Видео)

17 қазан 2022, 21:26

Павлодарда жан түршіктірген жол апаты болды. ВАЗ көлігі жол жиегіндегі темір қоршауға киіліп қалған. 22 жастағы жүргізуші түйрелген техникадан ауыр жарақат алғанымен, аман қалды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Жол жиегіндегі темір қоршау көліктің алдыңғы әйнегінен кіріп, артқы жүк салғышы мен дөңгелек тұсынан бір-ақ шыққан. Полицейлер жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырып, рөлге ие бола алмай қалған дейді. Қазір 22 жастағы жігіт бір ажалдан аман қалғанымен, жансақтау бөлімінде жатыр. Бас сүйегі сынып, миы шайқалған және қолы сынған дейді дәрігерлер – жағдайы тым ауыр. Ал апаттың нақты себеп-салдары анықталып жатыр.

Жанна Белялова, Павлодар облысы ПД баспасөз хатшысы:

— ВАЗ маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай металл қоршауға соғылды. Жол көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қамалды. Тексеріс жүріп жатыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр