jasqazaq.kz

Темір қоршауға құлаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты

23 қазан 2017, 13:21

Оралда биіктіктен темір қоршауға құлаған ер адам есін жиды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. 48 жастағы Қайрен Балмулдинның жағдайы қазіргі уақытта тұрақты. Ол хирургия бөлімінің жалпыға бірдей палатасына ауыстырылды.

Ер адамды емдеуші дәрігер хирург Бақтияр Тәшкенбаев оның өміріне қауіп төніп тұрмағанын айтады, алайда қиындықтар болуы мүмкін екен. «Оның тірі қалуы таңғажайып дүние, ішкі органдары қатты зақымдалған. Қазіргі уақытта ер адам жалпы палатаға ауыстырылды. Жағдайы тұрақты. Ол өзі тамақ ішті, өзі сөйлесіп жатыр», — деді хирург. Балмулдинның өзі сол күнгі оқиға туралы айтып берді. «Сол күні жаңбыр жауды, шатырдың үсті тайғақ болды. Мен абайсызда құлап кеттім. (…) Қазір жағдайым жақсы, дәрігер-хирургтарға рақмет, олар маған дер кезінде көмектесті», — деді ол. Сонымен қатар, құрылысшы өзі үшін алаңдаған барлық адамға алғыс білдірді. Еске салайық, 17 қазанда 12:40-та Орал қаласының «Астана» ықшамауданында құрылыс монтаждау жұмыстарын атқарып жатқан ер адам екінші қабаттың шатырынан темір қоршауға құлаған. Сол күні оған қалалық ауруханада ота жасалды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде