
Полицияның айтуынша, күдікті қала мен Алматы облысының төңірегінде 24 қақпақты қолды еткен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Ақшадан тарықтым деген әккі ұры 14 қақпақты бір көшенің бойынан сыпырып әкетсе, қалғанын қаланың өзге аймағы мен облыс төңірегінде үптеп кетіпті. Ұрлаған затын Қаскелеңдегі темір-терсек қабылдайтын орынға өткізген күдікті барлығын жеке көлігімен тасыған. Қылмысты ізін суытпай ашқан полицейлер көлік ішінен айғақ зат тәркілепті. Сұғанақпен бірге сатып алушы да шатылып жатыр. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол қақпақтардың ұрланғанын біле тұра 3 есе арзан бағамен қабылдап отырған.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:
— Қылмыстық кодекстің 188 бабының 2 тармағы бойынша 4 жылдан астам бас бостандығынан айыру мерзімі көзделіп отыр.Сатып алушы да қылмыстық кодекстің 196 бабымен айыпталып, ол қылмысы үшін 2 жылға дейін бас бостандыған айырыз мерзімі көзделген. Немесе қомақты айыппұл төлейтін болады.