jasqazaq.kz

Темекіден жыл сайын 8 млн адам көз жұмады

21 қараша 2019, 12:54

Жыл сайын темекі шегуден 8 млн адам көз жұмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау орталығына сілтеме жасап.

«Темекі шегуден миллиондаған адам өкпе обырымен, туберкулезбен, демікпемен немесе өкпенің созылмалы ауруларымен ауырады. Темекі шегу – бұл жүрек-қан тамырлары ауруларының (инфаркт, инсульт), ерлерде эректильді дисфункция, терінің ерте қартаюы, сондай-ақ жүктіліктің қолайсыз нәтижесі және жүкті әйелдерде болашақ баланың денсаулығы үшін тәуекел факторы», — делінген баспасөз хабарламасында. Темекі шегу – бронх-өкпе, онкологиялық және басқа да созылмалы аурулардың қауіпті факторларының бірі. «Темекі шегуден бас тартқаннан кейін 1-9 ай ішінде жөтел мен ентігу азаяды. 10 жылдан кейін сізде өкпе обырының даму қаупі шылым шегушіге арналған осындай тәуекелмен салыстырғанда екі есе төмендейді, сондай-ақ сізде ауыз қуысы, тамақ, өңеш, қуық, жатыр мойны және ұйқы безі обырының даму қаупі төмендейді. 15 жылдан кейін жүректің ишемиялық ауруының даму қаупі темекі шекпейтін адамның қауіп деңгейіне дейін төмендейді», — дейді мамандар. Сондай-ақ, адам темекі шегуден бас тартса, зиян әдетпен байланысты денсаулықтағы проблемалар дамуын тоқтатып, импотенция ықтималдығын, жүктілік, мерзімінен бұрын босану, дене салмағы төмен балалардың туылуы мен түсік тастау мәселелерін төмендетеді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда