jasqazaq.kz

Темекі акцизін өсіруге қарсы петиция жарияланды

24 маусым 2022, 18:57

Қазақстанда «электронды темекіге тыйым салынуы мүмкін», «темекі бағасы қымбаттайды» деген ақпарат шыққалы біраз уақыт өтті. Ал жуырда Мәжіліс отырысында темекі өнімдері оның ішінде, қыздырылатын темекісі бар өнімдерге акциздерді кезең-кезеңімен үш есеге ұлғайту ұсынылған. Сенат бұл заң жобасын екі оқылымда мақұлдады. Құжат Мемлекет басшысына жіберілген. Алайда Осыған байланысты «Қазақстан тұтынушыларының Ұлттық Лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігі қыздырылатын темекіге арналған акциздердің күрт өсуіне келіспейді. Сондықтан бірқатар бизнес қауымдастықтар электронды темекіге салынатын акциздік салықтың күрт артуына қарсы шығып, арнайы петиция жариялады.

Себебі Қоғам мен бизнес өкілдерінің айтуынша, түтінсіз қыздырылатын темекілердің әдеттегі темекілерге қарағанда, зияны 90%-ға аз екен. «Оларды қымбаттату – тұтынушыларды денсаулығына әлдеқайда қауіпі көбірек шылым шегуге итермелейді» дейді петиция авторлары. Өйткені олар түтінсіз қыздырылатын өнімдерге қарағанда арзанырақ болады.
Ақырында олардың есептеулері бойынша темекіні түтінсіз қыздыру аппараттарына арналған стиктер қорабының бөлшек саудадағы бағасы орташа есеппен 900-1000 теңгені құрайтын болады, ал бір қорап темекіні тұтынушы небәрі 650 теңгеге сатып алады.

Конференцияда сөз сөйлеген спикерлер түтінсіз темекіге қойылатын акциздердің қымбаттату туралы мәселені Қазақстан Президентіне тікелей жүгіну арқылы шешуге болады деп есептейді.
Петицияға қатысушы спикерлер заң жобасын дайындаған депутаттарға ренжулі. Олар «ешкім бизнес-қоғамдастықтың пікірін тыңдауға тіпті тырыспады. Түзетулер қабылданғанға дейін неге қыздырылатын темекіге көшетін қазақстандықтардың пікірін ешкім сұраған жоқ?» деп аң-таң.

Сарапшылардың мәлімдеуінше, Қазақстандағы депутаттар керісінше, қыздырылатын темекіге арналған акциз мөлшерлемесі темекіге салынатын мөлшерлеменің 29%-нан 70%-на дейін күрт көтеруді ұсынады. Бұл сөзсіз қыздырылатын темекіні пайдаланушылардың шылым шегуге көшуін ынталандыратын көрінеді.
«Тұтынушы үшін таңдау болу керек: темекі немесе балама өнімдер. Енді билік тұтынушыны балама өнімнен қайтадан темекіге көшуге мәжбүрлейді. Тұтынушылардың мұқтаждықтарын түсінетін сындарлы саясат жүргізілуі керек. Ол кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы тиіс», – деді «Қазақстан тұтынушыларының Ұлттық Лигасы» РҚБ басқарма төрағасы Светлана Романовская.

Петицияны қолдаған қоғам мен бизнес өкілдері Қазақстан Президентіне бақылаусыз заң шығару процесіне араласуға және қазақстандықтардың денсаулық мүдделерін қорғауға өтініш білдірді. Олар: «Тоқаев темекі мен қыздырылатын темекіні бірдей қолжетімді ету керек. Депутаттардың қыздырылатын темекіге арналған акциздер мөлшерлемесін күрт арттыру жөніндегі бастамасын қабылдамаса екен» деп отыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр