jasqazaq.kz

Telegram бот арқылы 42 500 теңгені қалай алуға болады?

02 сәуiр 2020, 12:01

Қазақстандықтардың Telegram бот арқылы 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемақыны алудың нұсқаулығы жасалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Telegram бот арқылы төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқаны үшін МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемақы алуға өтініш жасау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

1. Telegram-да сілтеме арқылы «EgovKzBot2.0» ботына өтіңіз

2. «Төтенше жағдай кезінде 42 500 төлемі» қызметін таңдаңыз

3. Өтініш толтыруға арналған жердегі қажетті деректерді толтырып, жазыңыз (жеке бас деректеріңіз)

4. Өтініш «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне келіп түседі, бір күн ішінде деректерді салыстырып тексеруден өткізеді (бірыңғай төлемді төлеушілердің өтініштері тексеруден өтпейді)

5. Одан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-ның «Е-Макет» ақпараттық жүйесіне өтініш келіп түсіп, 1 күнге өңдеуге алынады

6. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ өтінішті төлемақыны тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға жібереді

7. Telegram-ға әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы жауап жолданады.

Төлем өтініш қалдырушының екінші деңгейдегі банктегі шотына аудару арқылы жүзеге асырылады. Telegram бот 2 сәуірден бастап іске қосылды.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі