jasqazaq.kz

Телефондағы сөзі үшін әкімнің орынбасарының басы дауға қалды

22 қантар 2020, 21:04

Жамбыл облысында әкім лауазымын сатып алғысы келген шенеуніктің басы дауға қалды. Меркі ауданы әкімнің орынбасары Мейіржан Сүлейменов өзінің басшысының жайлы орнын иеленуге 50 мың доллар бермек болыпты. Басшы болудан дәмелі шенеуніктің телефонмен сөздері ұлттық бюроның қолына тиген. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Мейіржан Сүлейменов, Меркі ауданы әкімінің орынбасары:

— Енді телефонмен кім не айтпайды? Сондай әңгіме олған шығар. Иә, Алматыға ауысамын деген жұмыстар болған. Бірақ ол жерде жолдастармен салмақты әңгіме болған емес. «Сатып аламын, осыншама ақша беремін» деген. Ойнап, достармен бір жерде айтқан шығармын.

Ойнаса да, ойындағысын айтса да, Мейіржан Сүлейменовтің ісі әдеп кеңесінде майшаммен қаралды. Шенеунік қылығына жауап бере алмай әбден састы.

Айта кететін жағдай, атқамінердің әкімнің орнын сұрағаны кездейсоқ анықталған. Яғни басқа бір іс бойынша күдік туғызған Сүлейменовті ұлттық бюро өкілдері бақылауға алыпты. Оның телефонын тыңдау барысында орынтақ саудасы жөніндегі әңгіме әшкере болған. Ал оған қызмет әперуге уәде еткен өңірге танымал кәсіпкер болып шықты. Оның тағдыры әзірге белгісіз. Белгілісі, әдеп кеңесі Сүлейменовті қызметінен төмендету жөнінде ұсыныс берді. Дегенмен соңғы шешімді Меркі ауданы әкімінің өзі қабылдайды. Мейірхан Өмірбековтің өзін қызметтен ығыстырғысы келген орынбасарына қандай шара қолданатынын уақыт көрсетеді.

Қайрат Дүнбаев, Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері:

— Рустамбеков айтады, сенің мәселең шешіліп жатыр, солай-солай деп. Бұл кісі жауап береді. Сұрайды. Тағайындалған кезде 200 мың доллар болмай ма, үстеме сұрамайма, азар болса 50 мың шығар бере алатыным, кейін оны қайдан шығарып аламын деген сияқты әңгімелер. Сондай бірнеше әңгіме. Шөленбаев Бақытқан деген кісімен. Нақты тағайындалу бойынша. Аудан әкіміне.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия