jasqazaq.kz

Телефонда көп отырма деген ескертуден соң оқушы өзіне қол салған

25 қантар 2018, 15:03

Талдықорған қаласында 7 сыныптың оқушысы өзіне қол жұмсады. Қыз бала бөлмесінде асылып тұрған жерінен табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған фактіні қалалық білім бөлімінің басшысы Жандос Жолдыханов растады. «Қайғылы оқиғаның болғаны рас. 7 сынып оқушысына ата-анасы ұялы телефонда көп отырма деп ескерту жасаған көрінеді. Санаулы уақыттардан кейін, яғни кешкі сағат сегіздер шамасында қыз бала бөлмесінде асылып тұрған жерінен табылған. Қазір бұл іспен құқық қорғау органдары айналысуда. Қазір мектептерде психологтар қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», — деді Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы. Сондай-ақ Ж.Жолдыхановтың сөзінше қыз бала өте тәртіпті болған. Мектеп ұстаздары өзіне қол жұмсаған оқушынының сабақ үлгерімі де жақсы болғанын айтқан.

 

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды