jasqazaq.kz

Телефон үшін әкесін пышақтап тастаған

21 тамыз 2021, 11:29

Павлодарда жасөспірім телефонда ойнауға тыйым салған әкесін пышақтап тастаған.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Павлодар қаласы тұрғынының пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Белгілі болғандай, пәтерде 2007 жылы туған, кәмелетке толмаған бала мен оның әкесінің арасында жанжал болған. Әкесі баласына телефонда ойнағаны және үйді жөндеуге көмектесуден бас тартқаны үшін ескерту жасаған. Телефонды алып, ер адам үйдің ауласына бет алған, сол кезде жасөспірім әкесіне ашуланып, ас үй пышағын алып әкесін пышақтаған», — деді облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Ер адам пышақ жарақатымен Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылған.

«Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деді Жасқайрат Қайыров.

Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында кәмелетке толмағандар істеген 11 қылмыс тіркелген.

Azattyq Rýhy

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия