jasqazaq.kz

Телефон пайдаланған «Алтын белгі» иелері сынақ залынан шығарылды

22 маусым 2020, 21:43

Ақтөбеде ҰБТ өтіп жатыр. Қосымша құрал, телефон пайдаланған «Алтын белгі» иегерлері сынақ залынан шығарылды.

Ақтөбе облысы бойынша аудандарда ҰБТ тапсырып, алғашқылары сүрінді. Көбі «шпаргалка» пайдаланып, ұялы телефон алып кіргені үшін жазаланды.

«Осы жолы ұялы телефон, қосымша құралмен ұсталса, олар тамызда ақылы оқуға түсу сынағына да кіре алмайды. Өкініштісі – «Алтын белгі» иегерлері смартфон қолданғаны үшін залдан шығарды. Мәселен, Мұғалжар ауданында — 2, Алғада — 1 талапкердің көрсеткіші жойылды. Бүгін Ақтөбе қаласында 15 талапкер анықталды. Үшеуі «шпаргалка» қолданды, 12-сі телефон әкелген», — дейді «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тұртаев.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша 6 мыңнан астам түлек мектеп тәмамдады. Оның 5 мыңнан астамы тест тапсыруға өтініш берді.

«Санитария талаптарының сақталуы қатаң қадағаланды. Бір партада бір адам отырды. Ал аудиториялардың бәрінда бейнекамера бар. Үш камерамен бақылау еш қиындық туғызбайды», — деді Жанболат Тұртаев.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі