jasqazaq.kz

Телефон қуаттағышты тістеген нәресте өлім аузынан қалды

21 ақпан 2020, 11:44

Бразилияда алты айлық қыз розеткаға қосылған телефонның қуаттағышын тістеп, өлім аузынан қалды.
Оқиға Бразилиядағы Мату-Гросу штатында болған. Бала ұйқыдан оянып, төсектің жанындағы қуаттағыш сымына жалғанған ұялы телефонмен ойнай бастаған. Ал үлкендер бұл жағдайды көрмеген. Бір уақытта нәресте оны аузына салады. Сол сәтте оны қатты тоқ ұрып, есіннен танып қалады. Үйде жарық өшеді.
Қыздың туыстары оны есінен танған күйі жақын маңдағы медициналық орталыққа жеткізеді. Онда беті мен қолын күйік шалған нәрестені дереу жан сақтау бөліміне жатқызған. Дәрігерлер тоқ соққысынан кейін тыныс жолдарында жиналған сілекейден тұншығуы мүмкін деп қорыққан. Сұйықтықты арнайы аппараттың көмегімен алып тастады.
Өміріне төнетін қауіп азайған кезде баланы қарқынды терапияға арналған ауруханаға ауыстырды. Қазір кішкентай қыз медициналық мекемеде қалып, емделіп жатыр.
Зардап шегушіге алғашқы көмек көрсеткен дәрігер Хелено Штробель Роза айтуынша, бала «жүрек соғысы және тыныс алу жиілігі өте төмен ауыр күйде» жеткізілген. Ол ата-аналарды осындай оқиғаларға жол бермеу үшін қырағы болуға шақырды.

Stan.kz

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия