jasqazaq.kz

Тексеруге келгендерді дәріхана басшысы сыртқа қуып шықты (видео)

08 шiлде 2020, 22:01

Алматыда дәріханалар препараттарды өз бағасынан екі есе қымбатқа сатып жатыр. Оған бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қызметі көз жеткізді. Рейд кезінде әлеуметтік ара қашықтық сақталмағаны анықталды. Тіпті сағаттап кезекте тұрғандардың іздеген дәрілері табылмай, бары қымбат бағаға сатылып жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Тосыннан келген тексерушілерді күтпеген мұндағылар біраз әбігерге түсті. Тіпті дәріхана басшысының өзі сынай келген қызметкерлер мен депутатты далаға алып шықты. Сөйтіп, «талапқа сай жұмыс істеп жатырмыз» деп тыраштанғандар дәрі бағасы бекітілген қағазды көрсетуден бас тартты.

— Жоқ, мен рұқсат бермеймін. Барлығы жұмыс істеп жатыр. Кезекке тұрыңыз да, бағасын біліңіз. Біз тек қала әкімдігіне бағынамыз және тек соларға есеп береміз. Ал сіздерге мұнда айтып тұрмаймыз.

Дәріхана басшыларының рейдке келгендерді сыртқа қуып шыққаны былай тұрсын, тіпті жай ғана дәрінің бағасын білу үшін де кезек күту керегін айтты. Ұзын-сонар кезекте сағаттап тұруға тура келеді. Осылайша әзер дегенде ішке кірген біздерге «бағаны бақылауда ұстап отырмыз, шекті бағада шектен шықпадық» дейді. Сондай-ақ, мұндағы кейбір дәрінің жоқтығына халықтың өзін кінәлап отыр.

Оксана Aлиева, Бөлім меңгерушісінің орынбасары:

— Парацетамол 125 теңге. Сумамед 5600, зитмак 4900 теңге. Бұл айтып тұрған бағаларым 500 мг. Тамифлю 9990 теңгеден болды. Бірақ қазір жоқ. Гипарен де жоқ. Сұраныстағы дәрілер келе салысымен, бір-ақ күнде таусылып кетуде. Өйткені адамдардың өзі көптеп сатылып, өзгелерге жетпей қалады.

Осылайша дертіне дауа іздегендер дәріханаларды кезуге мәжбүр. Таңертеңнен бері күн астында тұрып күткендердің іздегені табылмай, уақыты зая кетуде.

— Міне, бүгін сағат 10-нан бері дәріхана аралап жүрмін Бұл 15-ші дәріханам. Орталық дәріханаға келіп тұрмын. Ешқандай дәрі жоқ. Только парацетамол бар дейді. Іздеген дәрілердің ешқайсысы жоқ. Тек парацетамол, сол үшін үш сағат бойы кезекте тұрмын. Екінші дәріханада да жағдай дәл осылай. Ұзын-сонар кезек. Қаптаған қараша халық. Мұнда да қабағы қар жауған басшылық дәрінің бағасына шаң жуытпады. Ал сынай барғандар мәселені бұлай қалдырмаймыз деп ашулы.

Ирина Смирнова, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

— 1800 теңге тұратын антибиотиктің бір түрі, қазір 2600 теңгеден сатылып жатқанын байқадық. Барған дәріханалардан дәрілер бағасының бекітілген қағазын сұрадық. Барлығында жоқ деген жауап. Демек өз бетімен баға қойып, қымбатқа сатуы ғажап емес. Бұл жағдайды шұғыл түрде өзгертіп, шешімін табу керек. Енді әкімдік пен ішкі істер министрліктеріне ресми хат жолдайтын боламыз.

Вирусқа қарсы препарат іздеген жұрт осылайша дәріханаларды күні-түні торуылдап жүр. Өйткені аурудың өршуіне байланысты көбісі үй жағдайында емделіп жатыр. Ал дәріханалардың өзі карантин талаптарын сақтамады деген тексерушілер ескертумен ғана шектелмейтінін айтады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде