
Алматы облысында тек қалталылардың ғана көлігін тонайтын ұрылар ұсталды! Бай-бағландарды зар қақсатқан жігіттер сондай темір тұлпарлардың бірін тонап жатқанда таспаға түсіп қалды.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
«Лексус» көлігінен 1 миллион 700 мың, ал «Тойотадан» 150 мың теңге алып шығып жатқанда көрініп қалған. Екі ұры кілең «джиптерді» тонайтын болған. Қалталыларды ғана аңдыған оларға көлік есігін ашу қиынға соқпапты. Автокөліктің дабылын өшіруге күдіктілер пультпен код сканерлейтін арнайы электрондық құрылғыны қолданған. Яғни, көлік иесі есігін жапқанда-ақ, кодын жазып алыпты. 41және 38 жастағы азаматтардың басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.