jasqazaq.kz

Техастағы химия зауыты өртеніп жатыр

28 қараша 2019, 10:48

АҚШ-тың Хьюстон қаласының маңындағы химия кәсіпорнында бір күн ішінде екі жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

«Техас химия зауытында сәрсенбі күні түс қайта тағы да жарылыс болды. Ол жерде әлі де химикаттар жанып жатыр», — делінген хабарламада. TPC Group зауытында жергілікті уақытпен 01:00 шамасында жарылыс болған. Апат салдарынан кем дегенде үш адам жарақат алған. Порт-Нечес қалашығының инфрақұрылымына зақым келген. 12 сағаттай уақыт өткен соң зауыт тағы да жарылған. Жергілікті билік 6,5 км шақырым радиусқа дейін эвакуация жасаған. Өйткені тағы да жарылыс болу қаупі бар. Комбинат басшылығы қазір апат болған жерге жақын тұрған химикат резервуарларын сақтап қалуға күш салып жатыр. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жүр. Апат себептері тергеуде анықталады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда