jasqazaq.kz

Техас штатында жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды

28 маусым 2022, 14:51

АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласының шетінде қараусыз қалған жүк көлігінен 46 адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News арнасына сілтеме жасап.

Көлікті бірінші болып оқиға орнына шақырту бойынша жеткен жедел әрекет ету қызметкерлері анықтаған. Жүк көлігінің тіркемесінде адамдардың өлі денелері жатқан. Олардың барлығы ыстықтан немесе шөлден қайтыс болған. Дүйсенбі күні Сан-Антониодағы ауаның температурасы 39,4 С-қа жеткен еді. Өрт сөндіру қызметі өкілінің айтуынша, 16 адам, оның ішінде төрт бала ауруханаға жеткізілді. Аман қалғандар аптап ыстықтан және қатты әлсіреуден зардап шекті. Жүргізуші тастап кеткен жүк көлігінде кондиционер де, ауыз су да болмаған. Тергеу нәтижесінде үш адам ұсталып, қамауға алынды.

АҚШ-Мексика шекарасынан 250 шақырым жерде орналасқан Сан-Антонио қаласы – АҚШ-қа заңсыз мигранттарды тасымалдау үшін жүк көліктерін жиі пайдаланатын адам контрабандашылары үшін негізгі транзиттік жол. Мамыр айында АҚШ-тың кеден және шекара қорғау қызметі оңтүстік-батыс құрлық шекарасында 239 416 заңсыз мигрантты анықтаған. Бұл – 2000 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде