jasqazaq.kz

Тегін азық-түлік жиынтығы кімдерге беріледі?

25 наурыз 2020, 18:33

109 номеріне хабарласып, азық-түлікке тапсырыс беруге болады деген ақпарат жалған. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты. «Кеше ғана мен Президент тапсырмасы бойынша тегін азық-түлік жиынтығы туралы ақпарат жария еткен болатынмын. Оны азаматтардың 4 санаты ала алатынын еске салғым келеді. Бірінші санат — атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасылардың 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары. 2, 3, 4-санат — карантиндік аймақта тұратын азаматтар. Нақты айтқанда, АӘК алатын отбасылардың барлық ересек мүшесі, оның ішінде көпбалалы отбасылар, барлық жастағы 1 және 2-топтағы мүгедектер мен мүгедек балалар, мүгедек баланың күтімімен отырған ата-аналар», — деді министр. Сонымен қатар ол қазір әртүрлі мессенджерде 109 номеріне хабарласып, азық-түлікке тапсырыс беруге болады деген хабар тарап жатқанын айтты. «Бұл — жалған ақпарат. Оны жасаған адамдар табылады және заңға сәйкес жазаланады», — деді ол.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі