jasqazaq.kz

Тәжірибе үшін 40 күн аш жүрген блогер қайтыс болды

04 мамыр 2021, 11:50

Абхазияда 40 жастағы блогер Виталий Выграновский қайтыс болды. Ол 40 күн тамақ, су ішпей тәжірибе жүргізген болатын. Бұл туралы НТВ  хабарлайды.

Ер адам YouTube-арнасында блог жүргізетін. Аштықты наурызда Мәскеуде бастаған.

Оныншы күні блогердің жағдайы нашарлап, оған қаладағы атмосфера ұнамай, Абхазияға кетуді шешкен. Жиырмасыншы күні блогер толығымен тазарғанын айтқан, бірақ қатты азып, физикалық тұрғыда белсенді болуға шамасы жетпеген. 35-ші күні ер адам жағдайы нашарласа да аштықты тоқтатпаған.

«Қалай өтті? Бұл жай ғана ойын болды. Өте қызық. Паразиттер кетіп, тамақты аңсап тұрмаймын. Денем толығымен жаңарды», — деген еді Виталий Выграновский.

Блогердің таныстары әлеуметтік желіде ол «құрғақ аштықтан шығу кезінде» қайтыс болғанын жазған. Блогердің нақты неден қайтыс болғаны сараптамадан кейін анықталады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия