
Ресейдің зауыттарының бірінде қазақстандық жұмысшылардың қатысуымен төбелес болған. Төбелестің видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратып жіберген. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.
Оқиға 22 қараша күні болған екен.
ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Садубаевтың мәліметінше, ресейлік полицейлер екі ел азаматтарының арасындағы төбелестің не себепті болғанын анықтап жатыр екен.
Қазіргі таңда төбелеске қатысқан азаматтардың барлығының аты-жөндері анықталыпты.
Қақтығыстың не себепті болғаны қазірге белгісіз, деп хабарлайды РЕН ТВ арнасы. Төбелес салдарынан екі адам жарақат алған.
Жәбірленушілердің біреуі ауруханаға жеткізілсе, екіншісінің иегі сынған, алайда ол стационарлық емдеуді қажет етпейді екен.
Кінәлілер анықталғаннан кейін олар Ресей аумағынан жер аударылады.
Назар аударыңыздар! Видеода балағат сөздер бар!
https://www.facebook.com/100022003902742/videos/386550122088448/