
Көлік полицейлері еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған Тәжікстанның үш азаматын ұстады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Көлік полицейлері «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Шу стансасында «Нұр-Сұлтан – Сарыағаш» бағытындағы жолаушылар пойызындағы вагондардың бірінде құжат тексеру кезінде 21-22 жас аралығындағы Тәжікстан Республикасының үш азаматын анықтап, ұстады. «Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды» делінген хабарламада. Құқықбұзушылар Шу аудандық сотының шешімімен елден шығарылды.