jasqazaq.kz

Тәжікстанда Қазақстан медицинасының күндері өтуде

19 желтоқсан 2019, 13:11

Тәжікстандағы Қазақстан медицинасының күндері шеңберінде Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жетекші мамандары көрші елдегі әріптестеріне шеберлік сабағын өткізеді. Тәжікстандағы Қазақстан медицинасының күндері шеңберінде Душанбе қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрайымы Роза Қуанышбекова және көрші елдің Республикалық жүрек-қантамыр хирургиясы ғылыми орталығының директоры Джомахон Рахмонов Өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Тараптар кардиологияға заманауи технологиялардың енгізілуіне, білім мен дағдылардың кең таралуына, бірлескен ғылыми зерттеулердің орындалуына жағдай жасауға; білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру бойынша тәжірибемен алмасуға; ұйым қызметкерлерінің баяндамалары мен ғылыми мақалаларын жариялай отырып конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, шеберлік кластар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыруға келісті.

ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Жүрек ырғағы және өткізгіштігінің бұзылуы бөлімшесінің басшысы, аритмолог дәрігер, жүрек электрофизиологы Роин Реквава «Пациенттің мүддесі бәрінен де жоғары: қазақстандық медицина» панельді сессиясының барысында жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеуге арналған имплантталатын қондырғылар туралы айтып берді.

Тәжікстан Республикалық жүрек-қантамыр хирургиясы ғылыми орталығының базасында 20 желтоқсан күні Роин Реквава «Жүрек ырғағының күрделі бұзылысына радиожиілікті аблация жасау» (хирургиялық кесулерсіз жүрек аритмиясын жоғары технологиялық емдеу) тақырыбында шеберлік класын өткізеді.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты аритмологиялық интервенциялық араласуларды жасау жөніндегі жетекші орталықтардың бірі болып табылады. Тек 2019 жылдың 11 айында институтта 800-ден астам, ал 3 жылда — 2500-ден астам операция жасалды.

Бұл ретте, көрші елдерде Медицина күндерін өткізу сияқты шараларды ұйымдастыру республикалардың денсаулық сақтау ұйымдары арасында екі елдің халқына көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімді және сапалы болуы үшін өзара әрекеттестікті кеңейтуге, тәжірибемен, инновациялармен және технологиялармен алмасуға мүмкіндік беретіндігін айта кеткен жөн.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде