jasqazaq.kz

Тәжікстан шекарасына шабуыл жасалды

06 қараша 2019, 11:38

Тәжікстан-Өзбекстан шекарасында 20 адамнан тұратын қарулы топ «Ишкобод» шекара бекетіне шабуыл жасады. Олардың 15-інің көзі жойылып, бесеуі ұсталып, операция барысында Тәжікстан тарапының екі әскери қызметкері көз жұмды.

Бұл туралы Тәжікстанның ҰҚМК шекара әскері басқармасының баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді. Бұл туралы «РИА Новости» агенттігі хабарлады.

«Түнде 20 адамнан құралған қарулы топ атыс қаруын қолдану арқылы Өзбекстанмен шекарада орналасқан «Сұлтанабад» шекара отрядының № 4 «Ишкобод» әскери бөлімінің шекара бекетіне шабуыл жасаған. Олар бетіне маска киген», — дейді агенттікке сұхбат беруші.

Оның сөзінше, белгісіз біреулер шабуыл барысында 5 автоматты алып алған.

«Күштік құрылымдар жүргізген операция барысында қаруланған қылмыстық топтың 15 мүшесінің көзі жойылды. Олардың бесеуі тұтқындалды. Қарулы атыс кезінде шекара әскерінің сарбазы мен бір милиционер көз жұмды», — дейді ҰҚМК-ның баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы құрылып, тергеу жүргізілуде.

Stan.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда