
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Душанбеде өткен саммит аясында ТМД елдері көшбасшыларымен жолдастық кездесу өткізді деп хабарлайды Тәжікстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кешкі кездесу барысында қонақтар республикадағы табиғат сыйының көрмесін тамашалады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин, Сооронбай Жээнбеков, Александр Лукашенко, Никол Пашинян, Ильхам Алиев және Игорь Додон көрмеге қойылған дәмдерге баға берді.

«Қонақтар табиғат шырыны мен адамның маңдай тері сіңген табиғат дәмдеріне жоғары баға берді, — деп жазылған сайтта.
Айта кету керек, мемлекет басшылары әсіресе, цитрусты жемістерге көбірек қызығушылық танытқан.

Көрмеге қойылған өнімдердің барлығы экспорттық болып саналады. Тәжікстан ТМД елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдерін жіберіп, серіктестік орнатуға әрқашан дайын.
«Бұл күні ұлт көшбасшысы Эмомали Рахмон бейбітшілік пен ынтымақтастық үлгісі ретінде халықтың ең жақсы қасиеті — қонақжайлылығын барынша танытуға мүмкіндік алды», — деп жазады Рахмон президенттің баспасөз қызметі.
https://www.facebook.com/khadamotimatbuot/videos/270719993781426/
