jasqazaq.kz

Таяқ ұстаған полицейдің «кесірінен» 4 көлік соғысты (видео)

13 наурыз 2020, 13:28

Өткен жылдың қараша айында болған жол апатының жаңа мән-жайы анықталды.

2019 жылдың 27 қарашасында Қазығұрттың тұсында Ташкент бағытында келе жатқан төрт автокөлік: Lada Priora, Toyota Previa, Opel Vectra және Volkswagen Vento бір-бірінің артына соғылған. Сол кезде «QazAvtoJol» ҰК» АҚ баспасөз қызметі осы жол апаты бойынша жалған ақпарат берген екен, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

«QazAvtoJol» жол апатына көлігі бұзылып, күрт тоқтаған «Лада» жүргізушісі кінәлі деген.

Шындық енді ашылып жатыр. Сол күні өңірлік полиция департаментінің қызметкері Әлібек Бисенов Kia Cadenza-ға ұқсайтын қара көлікке жол беру үшін таяғымен тас жолдағы қозғалысты тоқтатпақ болған екен. Болған жағдай жүргізушілердің бірінің көлігіндегі камераға жазылып қалыпты.

Полицей «жолды жап» деген бұйрықтың жоғарыдан түскенін айтады. Полицейлер ең соңғы көлік жүргізушісіне хаттама толтырған екен.

Енді бүгін қоғамдық белсенді Руслан Жанпейісов адамдар мен мүлік зардап шеккен осы оқиға бойынша полиция қызметкерін кінәлап, оны жазалау үшін сотқа жүгінді. Жанпейісовтың пайымдауынша, полиция қызметкері жолда апатты жағдай туғызған.

https://www.facebook.com/Kolesakz/videos/1090693301286474/

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия