jasqazaq.kz

Тауып алған оқ үшін 1 жылға сотталды

20 шiлде 2017, 12:25

Алматы өзені жағасынан тауып алған оқ-дәрі үшін алматылық тұрғын бір жылға сотталды.

Алматы қаласы Бостандық ауданының № 2 аудандық сотында оқ-дәрiлердi заңсыз алып жүрді деген айыппен қылмыстық ісі қаралды. Сот залында сотталушы досымен 2017 жылғы 9 маусымында Алматы өзені жағасында серуендеп жүріп, қару оғын тауып алғанын айтты. Ол оқ-дәріні алып, құқық қорғау органдарына хабарламаған. 2017 жылы 10 шілдесі күні сағат 00:30 шамасында сотталушыны патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатып, жоғарыда аталған оқ дәрі тәркілеген. Сотталушы өзіне тағылған айыпты толық мойындады. Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасының ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігіндегі қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық