jasqazaq.kz

Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойылды

10 қараша 2020, 10:13

Ресей Президенті Владимир Путин Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы келісім жасалғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған мәлімдемеге Әзірбайжан Республикасының Президенті Әлиев, Армения Республикасының Премьер-Министрі Пашинян және Ресей Федерациясының Президенті қол қойған. Онда 2020 жылғы 10 қарашада Мәскеу уақыты бойынша 00 сағат 00 минуттан бастап Таулы Қарабақ аймағындағы атысты және барлық әскери әрекеттерді толық тоқтату туралы келісім жарияланған.

Ресей Федерациясының бітімгершілік контингенті Таулы Қарабақтағы байланыс сызығы бойында және Таулы Қарабақты Армения Республикасымен байланыстыратын дәліз бойында орналасады. Ішкі қоныс аударушылар мен босқындар БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының бақылауымен Таулы Қарабақ аумағына және оған іргелес аудандарға қайтарылады.

Екі ел әскери тұтқындар мен басқа да ұсталғандармен және қаза тапқандардың мәйіттерін бір-біріне беретін болады. Сонымен қатар, Ресей Федарациясының Таулы Қарабаққа баратын ресейлік бітімгерлер Ульяновск-Шығыс аэродромында әскери көлік ұшақтарына отырғызылуда. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігі хабарлады.

«Ульянов-Шығыс аэродромына Орталық әскери округтің бітімгершілік құрамының алғашқы бөлімшелері келді. Бітімгершілік контингентін жөнелту үшін Ил-76 әскери-көлік ұшақтарының тобы аэродромға шоғырланған», — деді ведомствода.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия